Елордада екі автобус жол көлік оқиғасының себепкері болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткен тәуілікте елордада 87 жол көлік оқиғасы болды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Бүгін Тұран даңғылы жағынан келе жатқан 20 маршурт Қорғалжың шоссесінің бойында көктайғақ салдарынан көше шамдары бағанасына соғылды. Құлаған баған жол бойымен келе жатқан Лада Гранта автокөлігін зақымдады. Жол көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ сағат таңғы сегізде Тілендиев даңғылымен келе жатқан автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай жеңіл көлікпен және артында тұрған ауыр жүк көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында полици мен жедел жәрдем тобы барды. Автобус жүргізушіне медициналық көмек көрсетілді, - делінген хабарламада.

Полиция департаментінің мамандары көктайғақ кезінде жолда арақашықтық сақтап, жылдамдықты асырмауға шақырады. Сонымен қатар жауяу жүргіншілер жолына таяғанда жылдамдықты азайту жөнінде ескертеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы