Елордада дүкеннен 20 қорап шоколад ұрлаған ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы супермаркеттердің бірінде дүкен тонаушысы шоколад ұрлағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. 

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде 47 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Тергеп-тексеру барысында ер адам Merci шоколадының 20 данасын тонағаны анықталды. Дүкенге келтірілген шығын құны 33 мың теңгені құрап отыр. 

Ер адам дүкеннен керегін алған соң төлем жасамай, касса арқылы өтіп, супермаркеттен сыртқа шығып кеткен. Қазіргі сәтте сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті кінәсін мойындап отыр және уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы