11 Қараша 2024 2024, 02:26
Фото: видеодан кадр
Елордада дүкендегі өрт 15 минутта сөндірілді
Елордалық өрт сөндірушілер дүкендегі өртті 15 минутта сөндірді, деп хабарлайды BAQ
Елордалық өрт сөндірушілер дүкендегі өртті 15 минутта сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Нұра ауданында Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің сыртқы қаптамасының жануы орын алды.
Өрт туралы хабарламаны қабылдау және өңдеу, өрт орнына шығу, өртті барлау, күштер мен құралдардың қанатын жаю, сондай-ақ жануды сөндіруге ТЖМ-нің кәсіпқой командасына небәрі 15 минут қажет болды.
ТЖМ өрт туындаған жағдайда дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет екенін еске салады.