Елордада драма театрларының Республикалық фестивалі басталды

Бүгін Астана қаласында Қазақстан драма театрларының XXVIIІ Республикалық фестивалі өз бастауын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Фестиваль көрнекті театр және кино актрисасы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, КСРО халық артисі Шолпан Жандарбекованың 100 жылдығына арналып отыр.

Баспасөз мәслихаты барысында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының директоры Жаудыр Айболат Жанғалиұлы фестиваль аясындағы шаралармен таныстырды.

Фестивальға Сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден Республиканың түкпір-түкпірінен келген театрлар спектакльдер қояды. Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалап, 7 номинация бойынша марапатталатын болады. Сондай-ақ, фестиваль аясында КСРО халық әртісі Шолпан Исабекқызы Жандарбекованың шығармашылығына арналған дөңгелек үстел, Ерғазы Төлеудің «Шолпан жұлдыз» атты кітабының тұсаукесері өтеді. Сонымен қоса,фестиваль аясында Қазақстанның Халық әртісі Қадыр Жетпісбаевтың 80 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылмақ,- деді театр басшысы Айболат Жаудыр.

Сондай-ақ, Шолпан Исабекққызының шығармашылық ғұмырынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылды.

Шолпан Жандарбекова - 1922 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы, Отан орденімен, Ерен еңбегі үшін медалімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдермен марапатталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы