Елордада дезинфекциялық жұмыстар жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда саябақтар, гүлзарлар, қоғамдық орындар коронавирус індетіне қарсы өнделіп жатыр.

11 мамырдан бастап елорда да санитарлық нормаларды қатаң сақтап саябақтарға, алаңдарға және қоғамдық орындарға баруға рұқсат етілген. Демек, жоғарыда аталған орындардың аумағында дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін ботаникалық бақта, "Жерұйық" және "Ақжайық" саябақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргіземіз. ТЖ режимі аяқталғанына қарамастан, вирусты жұқтыру қаупі әлі де сақталады. Саябақтарда карантиннің босаңсуына байланысты халық көп. Сондықтан біз барлық қоғамдық орындарда дезинфекциялық жұмыстарды күшейтеміз, - деді "Астаналық дезинфекция" ЖШС директорының орынбасары Арман Әлімбеков.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, елорданы өңдеу бірнеше кезеңде жүргізіледі. Барлығы 20 миллион шаршы метрден астам жер дезинфекцияланды. Дезинфекциялау жұмыстары жаяу және арнайы машиналардың көмегімен жүргізіледі.

Сондай-ақ, әлеуметтік нысандардың, базарлардың, блокпостардың аумақтары, сонымен қатар аулалар, балалар алаңдары, үйлердің кіреберістері және адамдар көп жиналатын басқа да орындар күшейтілген түрде өңделеді.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы