Елордада Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында ашық есік күні өтті

Спорт күніне орай елордада Байқоңыр ауданының Өндіріс елді мекенінде орналасқан Дене шынықтыру-сауықтыру орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мереке қарсаңында өткен спорт фестиваліне Байқоңыр ауданы әкімдігінің басшылығы, №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің өкілдері, елордалық «Ұзақ өмір сүру орталығының» басшысы Мұхтар Еркетаев және Дене шынықтыру-сауықтыру орталығының басшысы Серік Халелов қатысты.

Шараға «Өндіріс» елді мекенінің барша тұрғындары және спорт сүйер бүлдіршіндер куә болып, №7 балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі спортшыларының көрсетілімін тамашалады.

Сондай-ақ шараға атсалысып, қойылымдық жаттығу түрлерін көрсеткен жас спортшыларымызға аудан әкімі Ерлан Жаулыбаевтың атынан арнайы алғыс хаттар табысталды.

Естеріңізге сала кетейіік, бүгінгі таңда Өндіріс елді мекенінде жалпы ауданы 11,5 шаршы метрді құрайтын Дене шынықтыру-сауықтыру кешені балаларға спортпен шұғылдануға үлкен мүмкіндік беруде. Кешен көп функционалды, мұнда спорттық, қоғамдық, әкімшілік блоктар орналасқан.

Бұл іс-шараға келген жандар да игі іске қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Елорда әкімдігінен
Өзгелердің жаңалығы