21 Маусым 2024 2024, 19:18
Фото: Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты
Елордада демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Елордада қала мен ел өңірлерінің тауар өндірушілерінің қатысуымен демалыс күнгі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңке елорданың Сарыарқа ауданында Б.Соқпақбаев көшесі, 21 мекенжайында орналасқан.
Жәрмеңкеге Ақмола, Абай және Түркістан облыстарының жеке кәсіпкерлері қатысады.
Тауар өндірушілер өнімдердің кең ассортиментін ұсынады: көкөністер, жемістер, ет және сүт өнімдері және т.б.
Жәрмеңке әр демалыс күндері сағат 10.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.