Елордада демалыс күндері өтетін жәрмеңке қайта жалғасады
30 қараша және 1 желтоқсан күндері Астанада қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Ол әр демалыс сайын жұмыс істейді,деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы "Koktal" СОО-да өтеді. Жәрмеңке әр демалыс күндері таңғы сағат 10:00-ден кешкі 22:00-ге дейін жұмыс істейді.
Келушілер Қазақстанның түрлі өңірлерінен – Ақмола, Абай, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан жергілікті фермерлер мен өндірушілерден жаңа өнімдер сатып ала алады.
Жәрмеңкеге қатысушылар жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, кондитерлік өнімдерді, табиғи шырындарды, джемдерді және т.б. ұсынады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Ақордада Путинді қарсы алды
Келесі жаңалық
Астанаға Садыр Жапаров келді
Өзгелердің жаңалығы