Нұр-Сұлтанда демалыс күндері өтетін мәдени шаралар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алдағы демалыс күндері Нұр-Сұлтанда бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жоспарланған. Үздік тауар өндірушілер көрмесі мен "Дон Карлос" операсының премьерасы өтеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"Көрме" орталығында "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-байқауы өтеді. Үздік тауар өндіруші атағы үшін әр өңірден 9 өкілден, 153 өніруші бақ сынайды. Шара отандық тауар өндірушілердің өнімдерінің сапасын арттырып, отандық брендтерді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Көрме келушілеріне қазақстандық өндірушілердің ғана, кондитерлік, сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, киім-кешек, құрылыс материалдары, медициналық бұйымдар, корпустық жиһаз және т.б.ұсынылады.

"Бұдан бөлек, конкурс аясында "Ұлы дала елі" форум өтеді.  Сондай-ақ "Астана опера" театрында Джузеппе Вердидің "Дон Карлос" операсының премьерасы қойылады. Айта кетейік, аталмыш опера Қазақстанда алғаш рет сахналанады. Оның қойылымынла итальяндық режиссер қоюшы Давиде Ливермор жұмыс істеді, ол 2019 жылдың Опера Оскарында "Үздік режиссер" атағына ие болған", - делінген таратылған ақпаратта.

"Алау" мұз айдынында жаппай сырғанау маусымының ашылуы өтеді. Соның құрметіне келушілерге сыйлықтар табысталып, әртістер өнер көрсетеді. Чемпиондық мұз айдынында күн сайын сағат 19:22:00 аралығында  сырғанауға болады. Демалыс және мереке күндері 5 сеанс қарастырылған, сырғанақ бұл күндері сағат 09:00-23:00 аралағында жұмыс істейді.

13 қазанда Астана арена стадионында Қазақстанның ұлттық құрамасы мен Белгия арасында Еуропа чемпионатының 2020 жылғы іріктеу турнирі аясындағы матчтық кездесуі өтеді. Ойын сағат 19:00 басталады. Сондай-ақ бұл күні The Ritz Carlton қонақүйінде Красноярск қаласынан неоклассикалық компазитор Илья Бешевлидің жеке концерті өтеді. Пианист бұған дейін Ресейдің қалаларында өнер көрсеткен болатын. Музыкалық кеш 13 қазанда сағат 16:00-де басталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы