Елордада «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі басталды

Астанада «Дармарка» экологиялық жәрмеңкесі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шараны StopMusor әлеуметтік жобасы шеңберінде Қазақстанның экологиялық ұйымдарының Қауымдастығы Astana IT университетімен серіктестікте ұйымдастырып отыр.

Дармарка - бұл тегін жәрмеңке. Іс-шараға қатысушылар енді пайдаланбайтын заттарды жақсы қалпында алып келіп, оның орнына өзіне ұнайтын нәрсені алады.

Дармаркаға қатысу үшін заттар 19-22 желтоқсан аралығында жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Астана қаласы, Мәңгілік ел 55/1 орналасқан Astana IT университетінде қабылданады.

Дармарка жақсы заттардың жаңа иелерін тауып қана қоймайды, сонымен қатар жаңа тауарларды өндіруге, буып-түюге және жеткізуге бөлінетін ресурстар мен қаражат шығындарын азайтады. Бұл қоғам мен қоршаған ортаны саналы тұтыну мен тұрақты дамыту жолындағы қарапайым қадам.

«Stopmusor» жобасы азаматтарды таза ауа мен суды сақтауға өз үлесін қосуға шақырады.

Қатысушыларға қойылатын талаптар: тапсырылатын барлық зат таза және жақсы күйде болуы керек. Заттар, кітаптар, керек-жарақтар, балалар ойыншықтары қабылданады.

StopMusor жобасы халықтың экологиялық сауаттылығы мен әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтар арасында тұрмыстық қалдықтарды жауапкершілікпен шығару мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: стоп мусор
Өзгелердің жаңалығы