Елордада "Dana ana – Altyn bala" шарасы өтті

Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 8 наурыз мерекесі қарсаңында "Аналар мектебінің" ұйымдастыруымен "Dana ana – Altyn bala" атты қалалық аналар симпозиумы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қалалық симпозиумға көпбалалы аналар, Астана қаласы мектептері оқушыларының аналары, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері және ақ жаулықты әжелер қатысты.

Оқушылар сарайында бала да, ата-ана да көп. Көбіне бізбен байлыныста болатын аналар мен әжелер. Балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіріп, салт-дәстүрді үйрету деген ортақ мақсатымыз бар. Осы орайда Оқушылар сарайы қабырғасында "Аналар мектебі" құрылды. Бүгінгі Алғыс айту күніне орайластырылып, аналардың басын қосып, оларды толғандыратын өзекті мәселелерді еркін форматта ортаға салып, ойындағысымен бөлісіп, тәжірибе алмасқан сапалы кездесу өтті деген сенімдемін. Ақ жаулықты аналар өнегелі мысалдарымен бөлісті. Жас аналар да балалар тәрбиесінен қалыс қалмай, заманауи жаңашылдықтарды енгізіп жатқанын байқадық. Барлық аналарымызға ризашылығымды білдіремін. Оқушылар сарайының балалары ақ жаулықты әжелер мен аналарға өз қолдарымен әзірлеген сыйлықтарын тарту етті. Алматы әкімдігі қолдау көрсетіп, аналарымызға гүл шоқтарын ұсынды. Осы игілікті жобаға қолдау жасаған барлық жандарға алығысымды айтамын, - деді Оқушылар сарайы Әдістемелік бөлімінің жетекшісі Қымбат Мұқанқызы.

Симпозиум барысында жас ұрпақтың бойына саналы тәрбие сіңіру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасының беріктігі мен берекесін арттыру бағытында рухани әңгіме өрбіп, тәжірибе алмасу өтті.

Көктемнің алғышқы күні, Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келіп тұр. Бүгін аналарымыз тағылым-тәжірибемен, керек құнды дүниесімен алмасса деген мақсатта сіздермен табысып отырмыз. Уақыт тауып келген аналарға алғысымыз шексіз. Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтар, жас буынның тәрбие мәселесін әркез назарда ұстау керектігін айтады. Біз ұстаз, педагог, ата-ана болып қазіргі балалар бойына ұлтқа деген сүйіспеншілікті, мейірімділікті, бауырмашылдықты сіңіре алсақ, ертең осы балалар ата-анасының, елінің болашағына алаңдайтын қамқор ұрпақ болатынына сенімдімін, - деді әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының директоры Раушан Ғаниқызы.

"Аналар мектебі" жобасында 230-дан астам белсенді ана бар. Оның ішінеде аналармен қатар ақ жаулықты әжелер де бар.

Әрбір ана өз ұрпағын өнегелі, өрелі етіп өсіргісі келеді. Ал кейде жұмыс істейтін аналардың қолы тимей жатады. Ондай кезде көмекке біз секілді әжелер келуі керек. Біз немерелерді тәрбиелеп көмектесуіміз керек. Немерелер бойына жақсылық сіңіру, ұлттық құндылықтарымызды үйрету парыз. Мерекелік шараларда ұстаздарымызбен бірге немерелеріміздің қасында бірге сахна артында жүріп, қолдан келген көмегімізді аямаймыз, - деді  әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы "Аналар мектебінің" төрайымы Ардақ Игенова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы