Елордада дәмханада газ баллон жарылып, бір бойжеткен қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды.




2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы дәмхана ретінде қайта жабдықталған коттеджде газ баллон жарылғаны  туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген бойда үй-жайдың ішінде бір адам және 15 газ баллон бар екені анықталды. Жарылыс салдарынан ас үйдің шатыры құлаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.


Құтқарушылар 15 баллонды алып шығып, бір адамды құтқарды.  Алдын ала мәліметтер бойынша бір адам  оқиға орнында көз жұмды. Сонымен қатар жедел-медициналық көмек бригадасы 19 адамды қарап жатыр. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді, - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының күштері мен құралдарынан 34 құтқарушы және 10 бірлік техника жұмылдырылды. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы