Елордада құбыр жарылып, көшені су басты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада суық су құбыры жарылып, Пушкин көшесі су астында қалды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
«Астана су арнасы» мекемесінің мәліметінше, бүгін сағат 12:30-да «ҚазГерҚұрылыс» ЖШС мердігер компаниясы жер қазу жұмыстарын жүргізу барысында диаметрі 900 мм-лік шойын құбырды зақымдаған. Қазіргі уақытта аталған аумақта тұратын тұрғындарды басқа құбырға қосу және зақымданған құбырды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Су жеткізу ұйымдастырылды. Су таситын көліктің қай жерде тұрғанын 76-76-76 нөмірі арқылы анықтауға болады. Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деді баспасөз қызметінен.Қазіргі уақытта Еуразия ұлттық университеті мен Отырар кітапханасы аралығындағы жолдың үстін су басқан. Адамдар жолдан арлы-берлі аяқ киімдерін шешіп өтуге мәжбүр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Атырау тұрғынынан сібір жарасының белгісі анықталды
Өзгелердің жаңалығы