21 Шілде 2019 2019, 17:22
Елордада күн күркіреп, бұршақ жауады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жариялады.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында ескерту жариялады.
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ертең, яғни 22 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында жел қарқыны секундына 23 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, қалада күн күркіреп, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал.