Елордада «Бұрқасын 2024» шаңғы фестивалі өтеді

Елордадағы қысқы спорт маусымы дәстүрлі «Бұрқасын 2024» шаңғы фестивалімен аяқталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Астана әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру дирекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақтияр Масанов мәлімдеді.

Ең алғаш «Бұрқасын» шаңғы мерекесі 2000 жылы өтті. Жылдан жылға спорттық дәстүр елорданың қысқы маусымының бір бөлігіне айналып келеді. Жарыс 24 ақпанда Есіл өзенінің жағасындағы амфитеатрда өтеді. Тіркеу сағат – 9.00-де, ашылу салтанаты сағат 11.00-де өтеді.

Іс-шара жыл сайынғы қысқы фестиваль бағдарламасы аясында спорттың 10 түрінен өтеді. Олар: шаңғы жарысы, гір көтеру, қол күресі, белбеу күресі, арқан тартыс, хоккей, нысана көздеу жарыстары, мотоспорт және қысқы футбол, - деді Б.Масанов.

Шаңғы турниріне жас топтарына сәйкес келетін және спортқа қарсы көрсетілімдері жоқ кез келген адам қатыса алады. Сол сияқты дәрігердің рұқсаты да қажет. Тіркелу және өтініш беру керек.

Әр жас тобы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы