Елордада бүгін автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жексенбі күні 15 қарашада дезинфекциялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік бір күнге тоқтатылады. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.
Дүйсенбі күні 16 қарашада автобустар қалыпты режимінде қайтадан қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауға шақырамыз.
Автобустарға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді, атап айтсақ, көлік картасымен, SMS/QR-код көмегімен төленеді.
Transcard.kz сайтынан қажетті тарифті таңдап, сатып алуға болады. Сонымен бірге, теңгеріміңіздегі қаржыны тексеріп, көп пайдалы ақпарат таба аласыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. 464 бала ем қабылдап жатыр
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы