Елордада бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді

21 қазанда сағат 14.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс берушілер ұсынған бос орындарға жұмыссыз азаматтарды орналастыру үшін жалпы қалалық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысады. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК аумағында өтеді.

Мекенжайы: Республика даңғылы, 34.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы