Елордада бос жұмыс орындары ұсынылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25-26 маусым күні сағат 10:00-13:00 аралығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңке «Жастар» сарайында өтеді. Іс-шараға 100-ден астам жұмыc беруші қатысады. Олар мыңнан астам бос жұмыс орнын ұсынады. Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, түйіндемелерін қалдыра алады. Сондай-ақ, шарада оқу орындарының түлектеріне «жастар тәжірибесі» бағдарламасы айтылып, азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады.

"Жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді кәсіби оқуға қызығушылық танытқан келушілерге де толық ақпарат береді. Жыл басынан бері орталық арқылы 2800 адам жұмысқа орналасты. Олардың 92-сі әлеуметтік жұмыс орындары, 1 820-сы қоғамдық жұмыстар болса, 830-дан астам азамат тұрақты жұмысқа орналасқан", - делінген таратылған ақпаратта.

Бүгінде жұмыспен қамту орталығында 7 мыңнан бос жұмыс орындары ұсынылып отыр. Бұл бос жұмыс орындарының 58%-ының жалақысы 100 мың теңгеден жоғары.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы