+23

Елордада болашақ пойыз жүргізушілерін даярлайды

Елордада болашақ пойыз жүргізушілерін даярлайды

Оңтүстік өңірдің локомотив бригадаларының кәсіби деңгейін көтеру және құзыреттерін кеңейту үшін елордалық оқу орталығында болашақ машинистерді даярлап, олардың біліктілігін арттыратын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

Бұл мамандардың жұмысына жоғары талаптар қойылады.

Астана оқу орталығында локомотив кабинасының толық ауқымды тренажер-симуляторларын қоса алғанда, заманауи білім беру технологиялары қолданылады. Бұл практикалық оқытуды жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.

Оқу бағдарламасына дәрістер мен практикалық сабақтар курсы кіреді. Сабақты локомотив пайдалану депосының тәжірибелі машинист-нұсқаушылары өткізеді.

Сондай-ақ, Ақтөбе, Қарағанды және Павлодар қалаларының оқу орталықтарында машинистерді даярлайды және олардың біліктілігін арттырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - Архив
Өзгелердің жаңалығы