Елордада биыл 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салу жоспарланып отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында қаладағы тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер санының артуы туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр. Былтыр шаһарда 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Оның 80% – жеке инвестиция. Биыл бұл көрсеткішті 3,2 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының қолжетімді тұрғын үй санын, құрылыс көлемін үш есеге арттыру туралы тапсырмасы болды. Өткен жылы біз бұл үдеден шыға білдік. Мысалы, жеңілдікпен берілетін пәтер алушылар санатын кеңейттік. Енді әлеуметтік пәтерлерге тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, әлеуметтік саланың басқа да өкілдері, өрт сөндірушілер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де қатыса алады. Ал тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін арттырдық. Жастарға келетін болсақ, Елбасының бастамасымен елордада «жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы екі жылдан бері жүргізіліп келеді, – дейді әкім.

Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер берілсе, 2020 жылы 7 мыңнан аса пәтер табыс етілді. Ал биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы