Елордада битум құйылған бөшкелер өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада битум құйылған 20-ға жуық бөшке өртенді, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаменті.
28 мамыр күні сағат 18:46-да Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне өрт оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Алаш тас жолы, 9 мекенжайында 20-ға жуық битум құйылған бөшкелер өртенген. Әр бөшкенің көлемі 50 литр. Соның салдарынан жақын маңдағы КамАЗ дөңгелегі мен ЗИЛ көлігінің кабинасы зардап шеккен, – делінген департамент хабарламасында.Өрт сағат 19:10-да ауыздықталды және 19:24-те толық сөндірілді. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт себебі анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақсу қант зауыты жаңа маусымға дайындалуда
Өзгелердің жаңалығы