Елордада Біртанов ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада №2 Сарыарқа аудандық сотында бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Үш сағатқа жуық уақыттан бері өтіп жатқан сот отырысына Елжан Біртановпен бірге бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі болған Олжас Әбішев те қатысуда. 

Біртановқа ведомство басшысы болған кезде орынбасары Олжас Әбішевпен бірге жалған ақпараттандыру платформасын іске қосу арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылған. Осылайша, айыптаушы тарап экс-шенеуніктерге мемлекетке 1,5 млрд теңге көлемінде шығын келтірді делінген.

Алайда Елжан Біртанов тағылған айыпты мойындамай келеді. Алдын ала тергеу мен қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде өзін үйқамақтан босатуды сұрап отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы