Елордада бірқатар тұрғын үй кешені газдан ажыратылатыны рас па?

Әлеуметтік желілерде "Qazaq Zhylu" ЖШС биылғы жылдың 18 наурызы сағат 10.00-ден бастап "Family Town", "Будапешт", "Куршевель" және "Cosmic City" тұрғын үй кешендерін газбен жабдықтауын тоқтататыны туралы хабарлама тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сондай-ақ жалған ақпарат таратқандарға шара қолданылатынын атап өтті.

Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді және ешқандай өшіру болмайды. "Qazaq Zhylu" компаниясына қатысты негізсіз ақпарат таратуға тырысқан тұлғаларға заңға сәйкес шаралар қабылданатын болады. Сондай-ақ тариф сол деңгейде қалатынын еске саламыз. Бұдан бөлек, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Ұлттық газ тарату мекемесі аталған тұрғын үй кешендерін қолданыстағы инфрақұрылым бойынша газбен қамтамасыз етуге дайын, - делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы