23 Қараша 2023 2023, 12:55 Фото: - архив

Елордада бірқатар бағдарда автобус саны артты

Астанада қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында бүгіннен бастап №22, 35, 71 бағдарларының жұмыс күндері жүретін автобустар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астанада қоғамдық көлікпен қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында бүгіннен бастап №22, 35, 71 бағдарларының жұмыс күндері жүретін автобустар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нақтысында:

- №22 бағытта 3 автобусқа (9 бірліктен 12 бірлікке);

- №35 бағдарда 2 автобусқа (13 бірліктен 15 бірлікке);

- №71 бағдарда 2 автобусқа (16 бірліктен 18 бірлікке).

Бұл бағдарлардағы жүктемені айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Құрметті жолаушылар, жолақысын төлеп жүрулеріңізді сұраймыз. Жол ақысын төлеу арқылы сіздер жолаушылар легін нақты есептеуге көмектесесіздер, ал біз сол көрсеткіш арқылы бағыттарды ұйымдастырамыз, - делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.