Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты өзгереді, деп хабарланды «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында.

№3 бағдар бастапқы Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады.


«№18 бағдар бастапқы «Достық БМСК» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен оңға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», – деп жазылған «Астана LRT» компаниясының хабарламасында.    


№40 бағдар Теміржол вокзалы аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады.  


№61 бағдар бастапқы «Теплотранзит» аялдамасынан Петров және Қ. Сәтбаев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға Сәтбаев көшесіне, Сәтбаев көшесінен оңға Майлин көшесіне, Майлин көшесінен солға Тәуелсіздік даңғылына бұрылып, бекітілген қозғалыс сызбасына сәйкес соңғы аялдамаға жетеді. Автобус кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы