Елордада бірқатар автобустың қозғалыс бағыты өзгереді
Астанада 19 ақпан мен 30 қазан аралығында Дінмұхамед Қонаев көшесімен жүретін №№ 12, 29, 29А, 35, 305, 312 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Осы кезеңде «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Дінмұхамед Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі бөлігі жабылады, – деп жазылған әкімдік хабарламасында.
Өзгертілген қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.
Сапарыңызды жоспарлау кезінде бұл өзгерістерді ескерген жөн, - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматы облысының тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар
Келесі жаңалық
Жеті қалада ауа ластанады
Өзгелердің жаңалығы