Елордада бірнеше жол жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кептеліс болмау үшін көлік жүргізушілері жол жүру маршрутын алдын-ала жоспарлауы керек, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бөлімі мен қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, Қ.Сәтпаев көшесі бойымен Б.Момышұлынан Қ.Мұңайтпасовқа дейін, Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Сарыарқа даңғылынан Ш.Уәлиханов көшесіне дейін жөндеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
20 сәуір мен 5 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы жартылай жабылады. Жөндеу жұмыстарына байланысты жол төсемін жөндеу және іргелес аумақты абаттандыру жоспарланған. Елорда тұрғындары мен қала қонақтары жол кептелістерін болдырмау үшін жол қозғалысын алдын-ала жоспарлауы қажет, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы