Елордада бірнеше көше мен көпір жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көлік жүргізушілері жол жүру бағыттарын алдын-ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, 26 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойымен Шарль де Голль көшесінен Ж.Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.Сондай-ақ, Р. Дүйсенбаев көшесі бойымен Аспара көшесінен Герценге дейін жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты 26-30 шілде аралығында аталған көшелердегі учаскелер жабылатын болады.
Сонымен қатар, Шарль де Голль көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі учаскедегі М2 (Амман көшесі-Мәңгілік Ел даңғылы) көпірінің құрылысы бойынша жол - құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Осыған байланысты 26-31 шілде аралығында қозғалыс тоқтайды.
Елорда тұрғындары мен қонақтары жолда кептеліс жағдайын болдырмау үшін жол жүру бағытын алдын-ала жоспарлауы қажет.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Фируза Шарипова кезекті кездесуі қайда өтетінін айтты
Өзгелердің жаңалығы