Елордада бірнеше автобустың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 18 және 19 мамырда Гете көшесіндегі жолды жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты кейбір бағдардың қозғалыс бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «Астана LRT» компаниясының ресми сайтында хабарланды.

№3 бағдар бастапқы «Сарайшық ТҮК» аялдамасынан Республика даңғылы мен І.Есенберлин көшесінің қилысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға бұрылып, І.Есенберлин көшесіне, І.Есенберлин көшесінен оңға бұрылып,  Біржан Сал көшесіне өтеді. Одан әрі автобус соңғы «Теміржол вокзалы» аялдамасына дейін жетеді. Қоғамдық көлік кері бағытта ұқсас сызба бойынша жүреді.



«№7 бағдар бастапқы «Шарын базары» аялдамасынан Республика даңғылы мен І. Есенберлин көшесінің қилысына дейін өзгеріссіз жүреді. Бұдан кейін қоғамдық көлік солға бұрылып, І. Есенберлин көшесіне, Есенберлин көшесінен солға бұрылып, Жеңіс даңғылына өтеді. Одан әрі автобус бекітілген қозғалыс сызбасы бойынша қатынайды. Қоғамдық көлік кері бағытта ұқсас сызба бойынша жүреді», – деп жазылған компанияның хабарламасында.




Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы