Елордада бірінші қазақстандық авиациялық келіссөздері өтіп жатыр

Астанада бірінші қазақстандық авиациялық келіссөздері өтіп жатыр. Оған 15 мемлекеттен 250-ге жуық компания мен халықаралық авиацияның ірі ойыншылары қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар екі күн бойы Орталық Азияның авиаотын нарығын дамыту мен транзиттік әлеуетін талқылайды. Сондай-ақ Қазақстанда соңғы стандарттарға сай авиаотын өндіру мүмкіндіктері, Jet A-1 маркаға көшу сынды мәселелер де қаралады.

Авиация саласындағы шығарындыларды азайту, Қазақстанда тұрақты авиаотын өндіру мүмкіндіктері және соңғы үлгідегі, өрт және жарылу қаупі төмен JET А-1 маркалы отынға көшу. Форумның алғашқы күні осындай мәселелерді талқылаумен басталды. Қазақстан халықаралық ойыншыларды тарту үшін тұрақты баламалы әуе отыны SAF маркасын өндіру мүмкіндіктерін қарастыру керек. Қазір елдегі үш бірдей мұнай өңдеу зауыты халықаралық стандарттарға сай келетін JET А-1 маркалы отынды шығаруға дайын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы