Елордада бір жатақхана карантинге жабылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бір жатақхана карантинге жабылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты.
Өткен тәулікте елорданың бас санитарлық дәрігерінің бұйрығымен екі карантинге алынған нысан және бір жатақхана жабылды, - деді Қисықова.Бұған дейін Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық пен Мейірім медициналық орталығы карантинге жабылғандығы туралы хабарланған болатын.
Сәуле Қисықованың айтуынша, халықаралық әуежайда елордаға келген барлық жолаушыларды оқшаулау жұмыстары да жалғасуда.
Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген 18 рейс жолаушыларына зертханалық сараптама жасалды. Соңғы тәулікте тағы 3 рейспен 274 адам келді. Олардан зертханалық тексеру үшін сынама алынды. Енді нәтижесін күтеміз. Бүгін тағы төрт рейс келеді. Барлық облыстарда коронавирустық инфекцияның алдын алу жұмыстары жалғасуда, - деп сендірді ол.Айта кетейік, 29 наурыз күнгі сағат 11:35-тегі жағдай бойынша елде коронавирустық инфекцияның тағы 22 жағдайы тіркелді, оның 16-сы Нұр-Сұлтан қаласында. Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 251 адамға жетті. Оның ішінде 18 адам жазылып шықты, Ақмола облысында бір адам қайтыс болды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордада екі науқастың жағдайы ауыр
Өзгелердің жаңалығы