Астанада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада бір тәулікте қардың бір айлық мөлшері жауды. Салдарынан таңертең автобустар аялдамалардан бірнеше метрге алыс тоқтады. Жаяу жүргіншілерге омбы қармен жұмысқа жету қиындады. 

24-25 қарашаға қараған түні елордадан 26 мың текше метрге жуық қар шығарылды. Қала әкімдігі коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. 


Камаздар қар полигондарына барлығы 14 мыңнан астам рейс жасады.


Кеше Қазгидромет желдің ұйытқуы 18 м/с болатыны туралы хабарлаған болатын. Алайда қардың қалың жауатыны жайлы ақпарат таратылған жоқ. 

Бүгін түнде жауған қардың қалыңдығы - 28 сантиметр.




Қала әкімдігіна 2000-нан астам арнайы техника мен 1900 жол қызметкері жұмылдырылды. 


Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жолда абай болуға, жол бойына көлік қоймауға, қоғамдық көлік қозғалыстары мен қар жинайтын техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырады. 


Елордада қардың көп түсуіне байланысты екі күннен бері көлік кептелісі күшейе түсті. 

Тұрғын үй кешендеріне, ғимараттарға қызмет көрсететін компания өкілдері аулалардағы қарды тазалауда. 


Айта кету керек, "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің ақпараты бойынша 24 қарашаның 25-ші күні мен түнінде 25 мм жауын-шашын түскен.


1 қарашадан 25 қарашаға қараған түні 45,1 мм жауын-шашын түсті, бұл айлық нормадан 1,5 есе асады. Осы уақыт аралығында арнайы техникамен 150 мың текше метрден астам қар шығарылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы