Елордада бір тәуілікте 76 мың текше қар шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 25 наурыздан 26-сына қараған түні 76 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде екі ауысымда, яғни кешкі және түнгі уақытта жүргізіп жатыр, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
25 наурыздан 26-сына қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 1 148 арнайы техника мен 188 жол жұмысшы жұмылдырылды. Өткен тәулікте қаладан 140 мың текше метрге жуық қар шығарылды.
Бүгін, яғни 26 наурызда елордада қар күреу жұмысына 1 500-ге жуық арнайы техника мен 1 884 жол жұмысшысы шықты.
Айта кетейік, бірінші кезекте, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазаланады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. аумақтардың қары күреледі.
Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған. Қыс мезгілі басталғаннан бері қаладан 4 774 244 текше метр қар шығарылды.