8 Қыркүйек 2024 2024, 07:48 Фото: gov.kz

Елордада бір көше уақытша жабылады

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Земляничная көшесінің Қараменді би Шақаұлы көшесінен Бейбарыс Сұлтан көшесіне дейінгі учаскесінде орташа жол жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, қозғалыс 8 қыркүйек күні толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.