Елордада бір күнде санитарлық талапты бұзған 15 нысан жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда бір тәулікте санитарлық норманы бұзған 15 нысан жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігі ресми сайты. 

Елордалық полицейлер, эпидемиологтар, әкімдіктің қызметкерлерімен бірлесіп, рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейд жүргізуде. Бүр тәулікте қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпеген, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысанның қызметі тоқтатылған.

Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақ үй бар. Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (тамақ тасымалдаушы орындардан басқа).

Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді.

Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті. Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер шығып жатыр. Таңертең сағат 9-ға дейін және кешкі сағат 18-ден кейін қызметкерлер тепловизорда ЖРВИ белгілерінің бар-жоғына тексеріледі. Штатқа жұмысшыларды тексеріп тұратын медицина саласының қызметкерлері қабылданды. Кіреберісте контролёр әрбір клиентті тепловизорда тексеріп тұрады, – деді "Мегастрой" құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова.

Гипермаркетке кіре берісте арнайы белгі жасалды. Санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасындағы арақашықтық – екі метр.

Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді. Кассада 2-3 клиенттен артық болмауын қадағалаймыз. Дәліз толығымен дезинфекцияланады. Залда санитайзерлер орнатылды. Клиенттерге маскамен кіруге ғана рұқсат. Сағат сайын дезинфекция жұмысы жасалып тұрады, – деді О. Сухорукова.

Айта кетейік, санитарлық норма мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елордадағы нысандардың қызметі тоқтатылатыны айтылған. Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы