Елордада бір аптада 115 қылмыс жасалды – ПД
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорданың ПД ресми өкілі Данияр Орал онлайн брифинг кезінде елордадағы криминогендік жағдай туралы баяндап берді.
Бір апта ішінде 115 қылмыс жасалды, оның 86-сы тәулік ішінде ашылды. Полиция 3 денсаулыққа ауыр зиян келтіру, 9 алаяқтық, 2 тонау, бір автокөлік ұрлығы, 25 бөтен мүлікті ұрлау және 13 есірткімен байланысты қылмыстарды ашты, - деді ол.
Айтуынша, өткен аптада 594 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам дене жарақатын алды.
Қазір ауа райы құбылмалы. Сол себепті жүргізушілерге жолда сақ болу керек. Әсіресе тұрғын үйлер мен балабақшалар, білім беру мекемелері маңайында, жаяу жүргіншілер көп жерлерде жылдамдықты азайтуларыңызды сұраймыз, - деп айтты Данияр Орал.
ПД ресми өкілі атап өткендей, Ішкі істер органдары азаматтардың мүддесін қорғап, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың санын азайту үшін заманауи технологияларды тиімді пайдаланады. Мысалы, «102» мобильді қосымшасы арқылы жедел басқару орталығы операторына хабарласуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы