Елордада бейнелеу өнері мұғалімдерінің конференциясы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. NIS-те «Қазіргі мектептегі бейнелеу өнері» атты бірінші республикалық практикалық конференция өтті. Бұл туралы НЗМ баспасөз қызметі хабарлады.

Конференцияға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері, жоғары оқу орындары мен көркемөнер мектептерінің оқытушылары, бейнелеу өнері және саз терапиясы орталықтары мен мектептерінің мұғалімдері қатысты. 

Спикерлер қатарында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Білім беру бағдарламалары орталығы» филиалының қоғамдық-гуманитарлық және кешенді - эстетикалық бағыттағы пәндер бөлімінің, Нұр-Сұлтан қаласының білім беруді жаңғырту орталығының мұғалімдері және  қызметкерлері болды. 10-нан астам баяндамашы екі күн бойы сабақ беру тәжірибесімен бөлісті, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп бағдарламаларында міндетті және дербес «Бейнелеу өнері» пәні ретінде қазіргі заманғы көркем білім беруге қатысты бірқатар өзекті мәселе талқыланды.   

Конференция соңында Халықаралық Бакалавриаттың NIS бейнелеу өнері мұғалімінің әдістемелік нұсқаулығын ұсыну, кәсіби қызметті дамыту және тәжірибені тарату мақсатында Қазақстан бейнелеу өнері мұғалімдерінің қауымдастығын құру туралы қарар қабылданды. 

Конференцияны Нұр-Сұлтан қаласының NIS өнер және Дизайн кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды. 

Бейнелеу өнерінің мұғалімі Айгүл Төлегенованың айтуынша, жыл сайын конференцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарланып отыр. Сондай–ақ осы қоғамдастықтың суретші-мұғалімдерінің алғашқы көрмесі ұйымдастыру алға қойылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы