Елордада "Белсенді тұрғын" науқаны басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада "Белсенді тұрғын" науқаны басталды. Оған қатысушы қала тұрғындары концертке тегін бара алады немесе балмұздақ ала алады. Бұл жөнінде әкімнің орынбасары Малика Бектұрова өзінің Telegram-каналында жазды. 

Ол үшін Smart Astana мобильдік қолданбасына кіріп, "Белсенді тұрғын" бөлімінде сауалнамаға жауап беру керек. Сосын виртуалды ұпайдың орнына сыйлықтар алуға болады. 

Яғни 200 ұпай жинау үшін, мәселен, "Атамекен" ҰКП бизнестің және үй шаруашылығының қажеттіліктерін айқындау жөніндегі сауалнамасын толтыру қажет.  

"Біз сыйлықтар тарата бастадық. Ең белсенді тұрғындар қазірден концерт залдарына барып, ЛРТ карталарын толықтырып жатыр, кәдесыйларды тегін алуда. Осы эстафетаға сіз де қосылыңыз!", - деп атап өтті Малика Бектұрова. 

Концертке билеттер мен балмұздақтан басқа, цифрлық ұпайларды елорда логотипі бейнеленген ыдыс-аяққа, фирмалық футболкаға және көптеген басқа заттарға алмастыруға болады.  

Сыйлықтарды Сауран көшесі, 46, Speedspace Nur-Sultan, сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін алуға болады. 

Сонымен бірге, Бектұрова жақын арада қала тұрғындарын "ерекше сыйлықтар" күтіп тұрғанын, ал "белсенді тұрғын" ұпайларын қазірден жинақтай берген жөн екенін айрықша атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы