Елордада белгісіз біреулер қоқыс тастайтын 36 контейнерді өртеп жіберген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада тұрмыстық қалдықтарды сақтауға арналған контейнерлерді қасақана өртеу жағдайлары бұған дейін де болған. Осы демалыс күндері Есіл ауданында осыған ұқсас жағдай болып, нәтижесінде 36 контейнер өртенді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

30 шілдеде сағат түнгі 3-тен таңғы 5-ке дейінгі кезеңде Есіл ауданында келесі мекенжайлар бойынша контейнерлік алаңдар өртенді:

– Мәңгілік ел, 23
– Ұлы дала 11/1
– Түркістан 2
– Қонаев 35.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы