Елордада бауырлас қалалар әкімдерінің форумы басталды
Елордада Астананың 25 жылдығына арналған бауырлас қалалар мэрлерінің форумы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер» тақырыбымен басталған форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.
Форум аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсу мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлін талқылау жоспарланып отыр. Форумның іскерлік бағдарламасы аясында түрлі салалар бойынша 8 панельдік сессия өтеді:
1) «Қалаларды цифрлық трансформациялау: инновациялық жобалар, бағдарламалар және технологиялар»;
2) «Қалаларға инвестициялар экономиканың өсуінің негізгі драйвері ретінде»;
3) «Болашаққа бағытталған қала құрылысы»;
4) «Медициналық туризмнің әлемдік нарығы: проблемалар мен өсу драйверлері»;
5) «Астана медициналық туризм картасында»;
6) «Болашақтың 30 жылдығы»: Астананың адами капиталына және еңбек ресурстарын дамытуға қосқан үлесі.
7) «FUTURE SMART megacities» халықаралық ғылыми-практикалық симпозиумы;
8) «Ортағасырлық Еуразияның урбанизацияланған кеңістіктерінің тарихындағы Бозоқ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы.
Халықаралық сессиялар бауырлас қалалар мэрлерінің, әлемнің 15 елінен беделді сарапшылардың, әлемдік бизнес көшбасшыларының, қаржы институттарының, мемлекеттік және ғылыми қайраткерлердің, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, жергілікті және шетелдік БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтеді.
Форумға АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Израиль, Түркия, Польша, Үндістан Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тайвань, Жапония, Әзірбайжан, Оңтүстік Корея елдерінен сарапшылар қатысып отыр. Бірқатар халықаралық келісімге қол қою жоспарда бар. 1 300 адамдардың қатысуы күтіліп отыр.