20 Желтоқсан 2021, 12:45
Елордада банкоматтан ақша ұрлады деген күдікпен инкассатор ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 27 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
Тергеу барысында күдіктінің инкассатор болып жұмыс істеп, терминалдан ақша жинағаны белгілі болды. Жұмыстан шыққан ол автоматтардың бірінің кілтін бермей кеткен. Кешкі уақытта ол Magnum супермаркетіне келген.
Терминалға жақындап, құрылғыны кілтпен ашып, 3 800 000 теңге ақша алған. Сосын байқатпай ақшаны сөмкеге салып, белгісіз жаққа кетіп қалған.
Ұрлық бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
- 90 миллиондық нарық: Орталық Азия өз мүмкіндігін қаншалықты пайдаланып отыр? 10:28
- Риддерде жер үйдің ауласына аюлар кіріп кетті 10:10
- Алматыда LRT құрылысына байланысты бірнеше қоғамдық көліктің схемасы өзгереді 09:53
- Қазақстан Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті жұмысын бастады 09:36
- «Bingo-37» және «Lotoboom»: Шымкентте онлайн-казино ұйымдастырушылары сотталды 09:24
- «Қазақстан құрамасы мұндай төмен нәтиже көрсетпеуі тиіс»: ҚФФ бас хатшысы мәлімдеме жасады 08:50
- Ақтау порты контейнерлік тасымал бойынша рекорд жаңартты 08:21