Елордада балаларға вакцина салынып жатыр ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елордалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова хабарлады. Оның айтуынша, Нұр-Сұлтанда алдағы дүйсенбі, яғни 15 қарашадан бастап коронавирусқа қарсы балалар вакцинациясы басталады.
Сондай-ақ аталған екпені жүкті әйелдер мен емізулі аналар алуға мүмкіндік бар.
Дүйсенбіден бастап Сomirnaty екпесін салуды бастаймыз. Балалар вакцинациясы мектептердегі егу пункттерінде өткізіледі. Егер ата-ана баласына екпені емханада алғысы келсе, егу кабинеттері барлық медициналық мекемеде бар. Сауда орындарында әзірге нүктелеріміз жоқ, - деп атап өтті ведомство басшысының орынбасары.
Вакцина -60 және -80 градус аралығындағы температураны құрайтын мұздатқыш жабдықтарында сақталады.
Вакцина мұздатылған күйі сақталып, өтініштерге сәйкес медұйымдарға беріледі. Медициналық мекемелер екпені арнайы термоконтейнерлермен әкетіп, +2-ден +8 градуста тоңазытқыштарда сақтайды. Вакцинаны бір ай сақтауға болады. Қайтадан мұздатуға тыйым салынады, - деді Әлия Рүстемова.
Еске сала кетейік, бұған дейін елордаға Pfizer вакцинасы жеткізілгені туралы жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы