Елордада балалар тауарларының жәрмеңкесі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада алғаш рет EXPO халықаралық көрме орталығының алаңында 17-21 тамыз аралығында «Kids EXPO. Балалар әлемі» тақырыбында балалар тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жәрмеңке кітап, кеңсе, тоқыма, білім беру және ойын-сауық салаларының өкілдерін, балалар мен олардың ата-аналарына арналған тауарлар мен қызметтерді бір алаңда біріктіруге мүмкіндік береді.

Шараны елорда әкімдігінің қолдауымен «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы ұйымдастырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы