Нұр-Сұлтанда балабақшалар жұмысы бойынша ашық есік күні өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл туралы қалалық білім басқармасының ресми сайты хабарлайды.

«11 шілде күні сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін елордалық Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы, 5) балабақшалар жұмысы бойынша Ашық есік күні өтеді. Ата-аналар назарына жекеменшік балабақшалардың жұмысы бойынша толық ақпарат ұсынылатын болады»,-делінген хабарламада.

Іс-шара барысында ата-аналар өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алады.

 

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы