Елордада көлік қозғалысының азаюы 70 пайыздан асты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарының өз-өзін оқшаулау деңгейі 4,25 деңгейіне жетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова мәлімдеді.
"Сергек" трафигінің индексі 2020 жылдың 12 наурызынан бастап елорда жолдарында көлік саны 71% - ға азайғанын көрсетеді. Салыстыру үшін "Сергек" жүйесінің карантинге дейінгі және ТЖ жарияланып, карантин енгізілгеннен кейінгі қалыпты күндеріндегі қалалық трафиктің деректері пайдаланылды – делінген хабарламада.
Карантиннен бұрын кез келген жұмыс күні бұл көрсеткіш - 0,5 баллға тең болған, ал түнде, қала тым-тырыс кезінде - 4.6 баллға жететін.
Карантин кезінде қалалық қызметтердің, полицияның, жедел жәрдемнің, тамақ жеткізу және т.б. қызметтердің көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал "4,5"- ға теңесуі мүмкін. Кешенді шаралар мен қала тұрғындарының сана-сезімінің арқасында қалалық белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өзін-өзі қорғауын арттыруға қол жеткізілуде! Осы жұмысты әрі қарай жалғастырып, күш біріктіру арқылы вирустың таралуына тосқауыл болайық! – дейді әкімнің орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сәуір айына арналған ауа райы болжамы
Өзгелердің жаңалығы