Елордада қайырымдылық бастамаларды қолдайтын ақпараттық ресурс ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астанада азаматтардың қайырымдылық бастамаларына қолдау көрсететін ресурс пайда болды.

Aizhurek.kz сайты (beta нұсқасы-meyir.im) тиімді альтруизм құралы ретінде (немесе әлеуметтік игілік пен қайырымдылықпен айналысатын ұйымдар мен еріктілер топтарының бірыңғай ақпараттық-анықтамалық ресурсы) бейімделген. Жобаның авторы - Global Shapers Community жас көшбасшылар қоғамы.

«Мұның бәрі біздің жобаларымызға қайырымдылық ұйымдарының байланыстарын қажет еткенімізден басталды. Қоғамдық қорлар, қайырымдылық ұйымдар, экология және жануарларга сәтті көмек көрсететін бастамашыл топтар туралы деректер таба алмаған соң, өзіміз біріктірдік. Оған қоса, көптеген адамдар киім-кешек пен техниканы қалай және кімге беруге болатынын сауалдады әрі қарттар мен қиын өмірлік жағдайға түскен ересектерге көмектесуге дайын адамдар көбейіп келеді», - дейді жобаның авторы және Global Shaper мүшесі, Айман Едігеева.

Осылайша, адамдар сенімді ұйымдар арқылы көмек көрсете алатын Aizhurek.kz веб-сайты пайда болды. Бүгінгі күні 175 ұйымнан тұратын анықтама негізгі нысаналы санаттарға бөлінген: балаларға, ересектерге, қарттар мен жануарларға көмек. Тізімге сирек немесе мүмкіндіктерді шектейтін диагноз қойылған адамдарға арналған мамандандырылған ұйымдар, аула клубтары, қайырымдылық дүкендері, хоспистер, еріктілер ұйымдары және тағы басқа   көптеген көмек беретін ұйымдар кіреді.

 Aizhurek.kz ресурсы туралы:

Сайт арқылы, әр адам немесе әр компания көмектесетін, мүмкін тұрақты негізде, мекемені табады;

Мұқтаж немесе қиын өмірлік жағдайдағы кез келген адам құқықтық кеңес бере алатын, медицина мәселелерімен айналысатын немесе дағдарыс кезеңінде азық-түлік пен киімге арналған тарату нүктелерін таба алатын ұйымдардың базасын тексере алады;

Кейбір бенефициарлармен жұмыс істейтін ұйымдар бірлескен жобалар / ынтымақтастық үшін алғышарттар таба алады және, ақырында, кең аудиторияға таныс емес кейбір ұйымдар өздерінің күнделікті өмірде пайда әкелетін жобалар үшін жариялылық пен қамқор адамдар / қаражат / көмек табу мүмкіндігіне ие болады.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы