Елордада қазақ тілін оқыту курсы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, "Руханият" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен астана тұрғындарына арналған мемлекеттік тілді тегін үйрететін курсын бастады.
Сонымен жүзден астам мемлекеттік қызметкерге ағылшын тілін меңгерту, 1500-ге тарта адамды латын графикасына үйрету көзделген. Осы жөнінде және курстың мақсат міндеттері туралы орталықта арнайы БАҚ-қа арналған дәріс ұйымдастырылды.Өткен жылы 1500-ге тарта қала тұрғынын бес деңгей бойынша қазақ тіліне үйреттік. Олардың ыңғайларына қарай елорданың 4 ауданында оқу кабинеттері жұмыс істеді. Курс аптасына үш реттен жыл соңына дейін жалғасты. Ал латын графикасына 854 қызметкер сұраныс білдіріп, оларды толығымен қамтамасыз еттік. Олардың арасында мемлекеттік қызметкерлер, қорғаныс саласының мамандары, БАҚ өкілдері бар. Биыл да осы жұмыстарды жүйелі түрде атқаратын боламыз. Қосымша ақпараттарды "Руханият" мекемесінің әлеуметтік желілерінен көре аласыздар, - дейді Тілдерді оқыту және әдістемелік жұмыстар жөніндегі бөлімнің басшысы Гүлнара Камашева.
Тіл курстарын ұйымдастыру "Қазақстан Республикасының Тіл туралы" Заңы және Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асып жатыр. Қала тұрғындары төменде көрсетілген мекенжайлар бойынша қазақ тілі курсына жазыла алады.
Алматы, Есіл аудандарының тұрғындарына – Қошқарбаев даңғылы, 50 және Қабанбай батыр даңғ., 8 (213 оқу кабинеті),
Алматы және Байқоңыр аудандары – М.Ғабдуллин к-сі., 5, 3-қабат (304 оқу кабинеті);
Сарыарқа, Байқоңыр аудандары – Республика даңғ., 42, 3-қабат (7 оқу кабинеті).
Аталған курсты жоғары білімді тіл мамандары (оқытушылар) жүргізеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Елордалық өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді
Өзгелердің жаңалығы