Елордада Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Астанада Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы жұмысын бастады.
Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумы 2020 онлайн форматта өтіп жатыр.
Форумды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастыруда.
Форумға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы Мейрам Пішембаев және қазақстандық, шетелдік машина жасау кәсіпорындарының басшылары қатысып жатыр.
Форум аясында 2020 жылдың 17-20 қыркүйегі аралығында онлайн режимінде өтетін «Kazakhstan Machinery Fair 2020» бірінші халықаралық машина жасау және металл өңдеу көрмесі өтеді. Бұл көрмеде отандық және шетелдік машина жасаушылардың өнімдері қойылады.
Айта кетейік, форум 17-18 қыркүйек аралығында өтеді.