Елордада қайырымдылық фестивалі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 4 және 7 желтоқсан күндері жыл сайынғы "Сиқырлы әуендер" қайырымдылық фестивалі өтеді.
Фестиваль "Дегдар" гуманитарлық қорының ұйымдастыруымен өтеді. Жобаның мақсаты – балалар үйінің тәрбиеленушілеріне материалдық көмек көрсетіп, балалардың рухани әлемін байыту. Фестиваль аясында ауылдық елді мекендерде орналасқан төрт балалар үйіне қаржы жинап, қайырымдылық көмек көрсетіледі. Жоба аясында бірнеше қайырымдылық іс-шара өтеді, - делінген ақпаратта.4 желтоқсанда Урюпин ауылының балалар үйі тәрбиеленушілеріне арналған "Open space" іс-шарасы өтеді. Балалар "Ерекше актерлер театрының" қойылымын, кескіндеме өнері, қыш өнері және заманауи билер бойынша шеберлік-класстарын тамашалап, робототехника үйірмелерін, виртуалды және химия лабораторияларын көре алады. Бұған қоса, балалар аниматорлармен бірге қызықты ойындарға қатыса алады.
7 желтоқсанда "Қазақстан" ОКЗ-да танымал оперетталар мен мюзиклдердің ариялары орындалатын концерт өтеді. Концерттік залдың фойесінде "Астана опера" театры спектакльдерінің костюмдерінен құрылған көрме ұйымдастырылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы