Елордада «Аялаған Астана» балалар байқауының гала-концерті өтеді

Биыл Қазақстанның бас қаласы сәулеті мен дәулеті жарасқан Астана қаласына – 25 жыл. Айтулы датаға орай, 1 шілдеде «Аялаған Астана» балалар шығармашылығы байқауының мерейтойлық гала-концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гала-концертте «Аялаған Астана» балалар шығармашылығы байқауының әр жылдардағы жеңімпаздары мен финалистері сүйікті қаласына сүйіспеншілігін өнер тілінде паш етеді. Олар – елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде жетістікке жетіп жүрген жас дарындар!

Салтанатты кеш қонақтары – Ержан Максим, Ратович, Садраддин және басқа қазақ өнерінің жұлдыздары!

Концерт Орталық саябақ амфитеатрында болады. Билеттер тикетон.кз сайтында бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы